Мақсаты

Қазақстандағы азаматтық қоғамның құрылуына және дамуына баға жетпес үлес қосқан қазақстандық ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер мен қоғам қайраткерлерінің жетістіктерін қоғамдық тану.

Сипаттамасы

Қазақстанның VІІІ Азаматтық форумы аясында «Таным» Республикалық Қоғамдық Сыйлығына және ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер және қоғам қайраткерлері арасында премия лауреаты құрмет атағын беру бойынша байқау жарияланады.
Жүлдемен марапатталған ұйымдар мен жүлдегерлерге тиісті аталым бойынша «Таным» Республикалық Қоғамдық Сыйлығының Лауреаты» атағы беріледі, диплом және естелік мүсінше табысталады. 2018 жылы марапат 17 аталым бойынша берілетін болады . Марапаттау рәсімі үкімет өкілдерінің және азаматтық қоғамның қатысуымен салтанатты жағдайда өтеді.

«Таным» Байқауының ұйымдастырушысы
«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ.

Қатысу шарттары мен қатысушылары

Сыйлыққа үміткерлерді жеке тұлғалар, жеке тұлғалар тобы, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, спорттық мекемелер, бизнес құрылымдар мен кәсіпорындар, ҮЕҰ және мемлекеттік органдар ұсына алады.
Байқауға қатысу туралы өтініш конкурстың ұйымдастырушысының сайтында көрсетілген нұсқа бойынша толтырылады.
Сыйлыққа қатысуға өтінім тікелей үміткердің өзімен немесе кез-келген үшінші тараппен берілуі мүмкін.

Байқауға кім қатыса алады?

«Таным» Республикалық Қоғамдық Сыйлығына қатысуға үкіметтік емес ұйымдар, Қоғамдық кеңестер және қоғам қайраткерлері шақырылады.

Байқауға өтінім беру мерзімі:
Өтінімдер 2018 жыл 15 – 30 қазан аралығында қабылданады.